Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ "РАУАН" БАЛАЛАР БАҚШАСЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ"
Ресми сайт

«Рауан» балалар бақшасының сайтындағы Мерекелер және ойын сауық бөліміне

Балабақшамызда ерекше мереке аталып өтті! Бүлдіршіндеріміздің екінші үйіне айналған балабақшамыздың ашылғанына 5 жыл толуына орай және көктемнің ең шуақты мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында тәрбиеленушілеріміз өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Аналар мен әжелерге арналған жүрекжарды тілектер мен әсерлі қойылымдар мерекенің көркін аша түсті.

Мерекелік кештің басты мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сахна мәдениетін қалыптастыру және аналарға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру.

Мерекелік кеш жоғары деңгейде өтіп, ата-аналар мен қонақтарға ерекше әсер қалдырды. Балабақшамыздың 5 жылдық белесі осындай жарқын сәттермен есте қалды.