Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ "РАУАН" БАЛАЛАР БАҚШАСЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ"
Ресми сайт

Әкімшілік


Нахипбекова Ботагоз Рахманалиевна 1986 жылы 06 желтоқсанда Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Асықата кентінде дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Жоғары педагогикалық екі мамандықта білімі бар. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін 2005-2009 жж «Педагогика және психология» мамандығы бойынша және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін 2013-2016жж. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша аяқтады. Кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыру бағытында семинарлар мен тренингтар, біліктілікті арттыру курстарынан жүйелі түрде өтіп, заманауи білім беру талаптарын тәжірибеде тиімді қолданады. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 13 жыл. Еңбек жолын 2011 жылы Т.Қабылов атындағы орта мектепте педагог-психолог қызметінен бастап, 2013-2019 жылдар аралығында Т.Қабылов атындағы шағын орталықта тәрбиеші қызметін атқарған,  2020 жылдан бастап МКҚК «Рауан» балалар бақшасының басшысы қызметін атқарып келеді.

Нахипбекова Ботагоз Рахманалиевна өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, талапшыл әрі әділ басшы. Ұжыммен тиімді жұмыс жүргізіп, заманауи талаптарға сай басқару тәсілдерін қолданады. Қызмет барысында ашықтықты, тәртіпті және өзара сыйластықты басты қағидат ретінде ұстанады. Балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуына, педагогтердің кәсіби өсуіне ерекше көңіл бөледі. Ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, өзара сенім мен ынтымақтастыққа негізделген жұмыс жүргізеді. Қоғаммен байланыс пен ашық диалогты дамытуды ұйым қызметінің маңызды бағыты деп есептейді.


Балабақшаның медициналық қызметін Исенбаева Сая Нұрболатқызы атқарады. Мамандығы – мейірбике ісі. МКҚК «Рауан» балалар бақшасында 3 жыл қызмет атқарып келеді.

Исенбаева Сая Нұрболатқызы өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, балалардың денсаулығын қорғау мен нығайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізетін білікті маман. Тәрбиеленушілердің күнделікті денсаулық жағдайын бақылап, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар ата-аналар мен педагогтерге балалардың денсаулығын сақтау, дұрыс тамақтану және аурулардың алдын алу бойынша кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Балабақша ұжымымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді.

 


Балабақша әдіскері

Жампоз Дильмира Нургожаевна – Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Рауан» балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әдіскері.

Жоғары білімді, педагог-модератор біліктілік санатына ие. Педагогикалық еңбек өтілі – 3 жыл.

«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әдіскер ретінде педагогтердің кәсіби дамуына әдістемелік қолдау көрсету, заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу, білім беру үдерісінің сапасын арттыру бағытында жұмыс жүргізеді. Педагогтердің шығармашылық ізденісін қолдап, озық тәжірибені таратуға және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын жетілдіруге бағытталған әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырады.