Аудандық «Үздік жыл психологы» байқауында белсенділік танытып, кәсіби шеберлігі мен жоғары жауапкершілігін көрсеткен педагог-психолог Әбілхан Ақерке Ерсайнқызына алғыс хат табысталды.
Бұл жетістік – білім саласындағы тынымсыз еңбектің, шығармашылық ізденістің және өз ісіне деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Психологиялық қызметтің дамуына қосқан үлесі мен тәрбиеленушілерге көрсеткен жан-жақты қолдауы ерекше атап өтілді.
Әріптесімізді осы жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да кәсіби табыстар мен жаңа белестер тілейміз!

