«Рауан» балалар бақшасының музыка жетекшісі Ыдырыс Жұлдыз Болатжанқызы «Үздік музыка жетекшісі» аудандық кәсіби байқауына қатысып, өзінің шығармашылық ізденісі мен кәсіби шеберлігін танытты.
Байқау барысында музыка жетекшісі балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыс тәжірибесін, шығармашылық жобаларын, кәсіби жетістіктері мен педагогикалық ізденістерін ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша Ыдырыс Жұлдыз Болатжанқызы «Креативті музыка жетекшісі» номинациясымен марапатталды.
«Рауан» балалар бақшасының ұжымы әріптесімізді жетістігімен құттықтап, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және жаңа белестер тілейді!

