Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
"АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ "РАУАН" БАЛАЛАР БАҚШАСЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ"
Ресми сайт

«ЖЫЛ ӘДІСКЕРІ – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

«Рауан» балалар бақшасының әдіскері Жампоз Дильмира Нургожаевна «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері – 2026» аудандық байқауына қатысып, жоғары кәсіби шеберлігі мен әдістемелік тәжірибесін танытып, Бас жүлдеге ие болды.

Аудандық кезеңнің жеңімпазы атанған әдіскер облыстық кезеңде бақ сынап, нәтижесінде ІІІ орын иеленді.

Байқау барысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы әдістемелік жұмыс тәжірибесі, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бағытындағы жұмыстары және тиімді әдістемелік ізденістері ұсынылды.

Бұл жетістік – кәсіби біліктіліктің, үздіксіз ізденістің және шығармашылық еңбектің жемісі.

«Рауан» балалар бақшасының ұжымы әріптесімізді жетістігімен құттықтап, алдағы кәсіби қызметіне толағай табыс тілейді!