Кеңес барысында мектепке дейінгі жастағы балалардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуін, өз ойын еркін әрі жүйелі жеткізу дағдыларын қалыптастыру жолдары қарастырылды. Педагогтерге мнемокесте, сторителлинг, PECS карточкалары, тірек сызбалар, сюжеттік және тілдік ойындар, көркем шығармалар арқылы сөйлеуді дамыту тәсілдерін ұйымдастырылған және күнделікті іс-әрекет барысында тиімді қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар педагогтердің тәжірибесіндегі тиімді жұмыстар талқыланып, баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тілдік ортаны ұйымдастырудың маңыздылығына назар аударылды.
Әдістемелік кеңес қорытындысында балалардың сөйлеу белсенділігін арттыруға бағытталған заманауи әдістерді жүйелі қолдану және педагогтердің өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын жалғастыру бойынша ұсыныстар берілді.

