2026 жылғы 27 тамызда өткен аудандық Тамыз кеңесі аясында «Рауан» балалар бақшасының әдіскері Жампоз Дильмира Нургожаевна педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.
Тамыз кеңесінің «Конституциялық құндылықтар: кәсібилік, сапа, нәтиже» тақырыбы аясында әдіскер «Мектепалды тобында сторителлинг технологиясы арқылы балалардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту» тақырыбында баяндама жасап, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерді таныстырды.


